RU
Қазақстандық сымбатты жігіт "Әлем мистері" байқауында жеңіліп қалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық сымбатты жігіт "Әлем мистері" байқауында жеңіліп қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Филиппинде өткен "Әлем мистері" байқауында Қазақстанның атынан сайысқа түскен 21 жастағы Әділбек Нұрақаев өз қабілетін көрсете алмады. Осыған байланысты отандық сымбатты жігіт ширек финалға шыға алмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтан қаласындағы ЖОО-ның студенті Әділбек Нұрақаев "Әлем мистері" байқауының қорытынды фоторепортажымен бөлісіп, қандай әсерде екенін жазды.

"Осылайша көптен күткен финал аяқталды. Бұл фотосуреттер менің бостандығымның көңіл күйін керемет түрде жеткізеді", - деді ол.

Өкінішке орай, қазақстандық таланттар сайысында күтпеген жағдайға байланысты қатыса алмады. Нәтижесінде Әділбек ширек финалға да жете алмады.

Айта кету керек, алдын-ала көрсету кезінде жас қазақстандық ұлттық киім - шапанмен ерекшеленді.

Нұрақаевтың образы оқырмандарды таңғалдырып, оны "қазақ ханзадасы" деп атадв.

Айта кетейік, әлемнің ең әдемі ер азаматы атағы үшін 72 мемлекеттің ең көрнекті өкілдері қатысты.

Осы жылы "Әлем мистер" атағы Англиядан келген аэроғарыш инженері Джек Хеслвудке бұйырды.

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel