RU
Мас балалар мен экстремалды ермектері: БҒМ ата-аналарға үндеу жолдады

Мас балалар мен экстремалды ермектері: БҒМ ата-аналарға үндеу жолдады

Рассказать Вконтакте

БАҚ-та жасөспірімдердің экстремалды әрекеттері, балалардың биіктіктен құлауы және мектеп оқушыларының алкогольді ішімдікке құмартуы секілді жаңалықтардың жиілеуіне байланысты Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті ата-аналарға үндеу жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы. Фото: instagram.com/kris.p.almaty

Алматы. Фото: instagram.com/kris.p.almaty

Балалар құқығын қорғау комитеті "Алматыда 10-шы қабатта отырған балалар Казнетті дүрліктірді", "Екібастұзда 15 жастағы қыз мас күйінде әжетханаға құлап түскен", "Жезқазғанда 1 жасар сәби терезеден құлап кетті" және осы секілді тақырыптармен шығатын ақпараттар жиі пайда болатынын атап өтті.

Осы орайда ведомство өкілдері ата-аналарға балаларды асырау, тәрбиелеу, қарау және қажетті жағдай жасауға міндеттейтін заңнама талаптарын сақтау керектігін еске салды.

Аталған талаптардың бұзылуы айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікті қарастырады.

"Бүкіл әлемде балаларының денсаулығына, физикалық, психологиялық, рухани және өнегелік дамуына үлкен мән береді. Бұл – әрбір ата-ананың міндеті", – дейді комитет өкілдері.

Ведомствода ата-аналардан немқұрайлылық танытпай, өз балаларымен сенімді қарым-қатынас орнатуға, олардың кіммен араласып, қайда жүргенінен хабардар болуларын сұрады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel