Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең үлкен көзді бойжеткен кім?

Опубликовано:

Әрбір модельдің өзіне тән ерекшелігі бар. Сол ерекшелігінің арқасында жанкүйерлер жинап, танымалдыққа ие болады. Украиналық Мария Оз есімді модельді интернет пайдаланушылары "әлемдегі ең үлкен көздің иесі" деп мойындаған деп жазады Fiski.net сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бірегей «өзге ғаламшарлық» келбет соңғы жылдары сұлулық индустриясының басты бағыттарының бірі болды.

Брендтердің басым бөлігі түр келбеті өзгеше модельдермен жұмыс істегісі келеді. Бұдан бөлек, мұндай қыздардың парқшаларын ерекше сұлулықты жақсы көретін жүз мыңдаған, тіпті миллиондаған оқырман қарайды.

Марияны көбінесе фоторедакторларды пайдаланады деп айыптайды, өйткені, шын мәнісінде адамның көзі соншалықты үлкен болмайды деп сенеді.

Алайда, Оз сыншылардың ашулы пікірлеріне алаңдамайды, керісінше, оның әр түрлі қырынан түсірген суреттерін көрсетеді: кәсіпқой да, кездейсоқ фотоларда де украин қызы дәл солай көрінеді.

Модельдің айтуынша, ол мұндай әдемі келбет әкесінен берілген және өмірінде ешқашан пластикалық хирургияға жүгінбеген.

Марияға жазылушылар саны күннен күнге артуда. Айта кету керек, қыз тек сыртқы келбеті бойынша танымал емес: бірнеше жыл бойы визуалды өнермен айналысады және өзінің микроблогына қызықты бейнероликтер жазады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1813318-lemdegi-e-lken-kzdi-bojzetken-kim/

pixel