RU
Головкиннің қарсыласы Деревянченко қазақстандықтарға алғыс айтты

Головкиннің қарсыласы Деревянченко қазақстандықтарға алғыс айтты

Рассказать Вконтакте

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко Геннадий Головкинмен IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белбеуі үшін болатын кездесудің алдында қазақстандықтарға алғысын білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Менің Арланс (ред - "Астана Арланс" клубы) үшін жекпе-жегімді білетін және маған әлеуметтік желілерде жақсы сөздер жазып жатқан қазақстандықтарға алғыс білдіргім келеді. Сол кездер жақсы уақыт ретінде менің де есімде. Рақмет", - деді Сергей Деревянченко.

Айта кетейік, украиналық спортшы 2012-2014 жылдары елордалық "Астана Арланс" клубында өнер көрсетті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel