Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар тұрғыны қайырымдылық көмекті алуға қымбат көлікпен келген

Опубликовано:

Павлодарда ер адам баласына қайырымдылық көмегін алуға қымбат Lexus маркалы көлігімен келіп, еріктілерді таңқалдырды деп жазады Павлодар-онлайн сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: pavon.kz
Фото: pavon.kz: UGC

Бұл оқиға туралы сурет Instagram "Клуб добряков Павлодара" парақшасында пайда болған.

Қоғам белсенділерінің айтуынша, олар қазіргі уақытта "Қайырымдылық портфелі" акциясын өткізіп жатыр.

Биыл 300 отбасы балаларын мектепке дайындау үшін еріктілердің көмегіне жүгінген. Волонтерлар көпшілігін жақсы таниды.

Бірнеше жиынтық қалғандықтан, еріктілер әлеуметтік педагогтар ұсынған тізімдегі аз қамтылғандарға көмек көрсетуді ұйғарады.

Lexus көлігін мінген ер адам керек жарақты алуға келіп, өзін аз қамтылған оқушының әкесімін деп таныстырған.

Құжат бойынша, бұл отбасының табысы айына 56 мың теңгені көрсетеді. Алайда, қор өкілдерінің анықтауынша, әкесінің қымбат көлігі бар және олар жақсы үйде өмір сүреді.

"Қайырымдылық канцелярлық жиынтықты соңғы үлгідегі иномаркаға салуға арсыздығы жетті ғой", - деп ашынды еріктілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813322-pavlodar-trgyny-kajyrymdylyk-kmekti-aluga-kymbat-klikpen-kelgen/

pixel