RU
Отандық жұлдыздар танымал кәсіпкердің әкесінің тойында көңіл көтерді

Отандық жұлдыздар танымал кәсіпкердің әкесінің тойында көңіл көтерді

Рассказать Вконтакте

Белгілі кәсіпкер Досбол Мәлік асқар тау әкесі Мәлік Омардың 60 жасқа толу мерейтойын дүркіретіп өткізді. Мерекелік кешке қазақ эстрадасының қаймақтары қатысқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Той 27 тамыз күні Жамбыл облысында орналасқан Жаңатас қаласында өтті.

Думанды кешті белгілі әзілкеш Нұрболхан Шарапов жүргізді.

Мәлік Омардың 60 жас мерейтойында қазақ эстрадасының жұлдыздары Мақпал Жүнісова, "Музарт" тобы, Мұқасан Шахзадаев, Мақсат Базарбаев, Айгүл Иманбаева, "Жігіттер" квартеті, Қайрат Нұртас, Мөлдір Әуелбекова, Еркін Нұржан, "Диета.kz" бой көрсетті.

Олардан бөлек, бірнеше мәрте "Қазақстан барысы" атанған Бейбіт Ыстыбаев, продюсер Ерғали Әбдірайымов, белгілі көкпаршы Дулат Есбергенов көңілді кеште қонақ болды.

Сіздің реакцияңыз
4
3
2
0
0
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel