Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Щучинскіде жасыл технологиялар паркін құру ұсынылды

Опубликовано:

"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" ЖЕАҚ (IGTIC) Щучинск қаласында JASYL ARNAÝ жасыл технологиялар паркін құру жобасын таныстырды. Бұл жоба қалалық ортаның түрлі салаларында – көлік және ТКШ-дан қоқысты қайта өңдеу мен кәдеге жаратуға дейін жасыл технологияларды кеңінен қолдануды көздейді.

Щучинскіде JASYL ARNAÝ жасыл технологиялар паркін құруды ұсынады
Сурет IGTIC Ақпарат және коммуникация қызметі: Facebook

"Щучинск қаласы "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі жобаны іске асыру үшін алаң ретінде таңдалғаны жағымды жаңалық болды", - деді кездесуді ашқан Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев.

Қалалық құрылымдар мен кәсіпорындардың басшыларына энергия тиімділігін арттыру және қоршаған ортаға эмиссияны азайту, шағын және орта бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер жасау мақсатында жасыл технологияларды енгізу бойынша талдау ұсынылды.

"Біз жаңа жобаларды енгізуде – қоқысты бөлек жинаудан бастап қаланың тұрғын үй-коммуналдық секторы мен кәсіпорындардың қолданыстағы инфрақұрылымын жаңғыртуда тұрғындардың қолдауына үміттенеміз. Біз сондай-ақ бизнесті жаңа өршіл жобаға белсенді қатысуға шақырамыз" - деп атап өтті IGTIC бас менеджері Гүлназ Атамқұлова.
Щучинскіде жасыл технологиялар паркін құру ұсынылды
Сурет IGTIC Ақпарат және коммуникация қызметі: Facebook

JASYL ARNAÝ пилоттық алаңын іске асыру Щучинск қаласында жер асты суларының ластану проблемасын шешуге және қалалық инфрақұрылымның сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Орталықтың мамандары JASYL ARNAÝ жобасы экологиялық құрауышты ескере отырып, курорттық аймақты дамыту және ұлттық парктің табиғи мұрасын сақтау үшін бөлінген бюджетті тиімді пайдалануға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жыл сайын коммуналдық инфрақұрылымды және шағын қалалардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін қолдау республикалық бюджеттен субсидияланатынын атап өткен жөн. Бастапқы кезеңде жоспарлау кезінде тәсілдерді өзгерту және қол жетімді озық технологияларды енгізу үшін қолда бар құралдарды пайдалану ұсынылады.

IGTIC Ақпарат және коммуникация қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813341-sucinskide-zasyl-tehnologialar-parkin-kru-synyldy/

pixel