RU
Петропавлда кәсіпкер жігітті өз үйінің ауласында атып кетті

Петропавлда кәсіпкер жігітті өз үйінің ауласында атып кетті

Рассказать Вконтакте

Петропавлдық кәсіпкерді қаскөйлер дәл үйінің алдында атып кеткен. Ол аяғынан қатты жараланған. Алайда полицейлер бизнесменнің аты-жөнін атамай отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: видеодан алынды

Фото: видеодан алынды

Белгілі болғаны, оқиға қаланың қақ ортасында таңғы төрт шамасында болған. Қаскөйлер жәбірленушіні үйіне қайтқан бетінде балалар ойнайтын алаңқайда күтіп тұрған көрінеді.

Артынша тұрғындардың бірі полицияға хабарласып, көпқабатты үйдің ауласында ер адамның жатқанын және мылтықтың атылғанын естігенін айтыпты.

Тәртіп сақшылары бейнетаспадан қару кезенгендер екі адам болғанын анықтады.

Телеарнаның ақпаратынша, қазір күдіктілерді іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Ал полицейлер бұдан басқа мардымды ақпарат бермесе де, жараланған жігіттің көршілері оның бизнесі қаладағы белгілі ойын-сауық орталығымен байланысты дейді.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
2
0
3
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel