RU
Димаш ауыр дертке шалдыққан жанкүйерінің арманын орындады (видео)

Димаш ауыр дертке шалдыққан кішкентай жанкүйерінің арманын орындады

Рассказать Вконтакте

Күллі әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген Қазан қаласындағы балалар хосписіне Лейсан есімді кішкентай қыздың арманын орындау үшін арнайы барды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр/Youtube/Звездные секреты

Видеодан кадр/Youtube/Звездные секреты

Бұл туралы Youtube желісіндегі Звездные секреты тобында жарияланды.

Жас әншінің балалар хосписіне әкесі Қанат Айтбаев және досы Ерлан Бекчуринмен барғаны белгілі болды.

Димаш өзінің өнерін қатты бағалайтын Лейсан есімді қыздың арманын орындады.

Кадрдан Димаштың күліп, кішкентай жанкүйерімен, медициналық мекеме қызметкерлерімен суретке түскенін байқауға болады.

Мұны көрген желі оқырмандары "Жарайсыз", "Қарапайымдылығыңызға тәнті болдық", "Жүрегі кең", "Димаш - керемет жан" деген сынды пікірлер қалдырды.

Айта кетейік, Лейсен Андрей Малаховтың бағдарламасында ауыр дертпен күресіп жатқанын, Димаштың шығармашылығынан үлкен күш алатынын, оның әндерін тыңдау арқылы өмір әлі алда екенін ұғынатынын айтқан.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel