RU
Пакьяоны жеңген чемпион Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келеді

Пакьяоны жеңген чемпион Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келеді

Рассказать Вконтакте

Аустралиялық боксшы Джефф Хорн қазақстанды боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мен тағы әлем чемпионы атағын алғым келеді. Кроуфордқа қарсы кездесуге белдігімді қоюдан қорықпадым, сол сияқты "Канело", Головкинмен кездесуге де бірден келісетін едім. Бокс жанкүйерлері үшін, сондықтан бұл спорт тамаша", - деді Хорн.

Еске сала кетсек, Джефф Хорн екі жыл бұрын WBО тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы белдігі үшін өткен кездесуде Мэнни Пакьяоны жеңген, бірақ өткен жылы Теренс Кроуфордтан жеңіліп, сол белдігінен айырылып қалған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel