RU
Оралда 17 жастағы жеткіншек өзгенің көлігін айдап кетіп, оны өртеп жіберген

Оралда 17 жастағы жеткіншек өзгенің көлігін айдап кетіп, оны өртеп жіберген

Рассказать Вконтакте

Оралда 17 жастағы жасөспірім көлікті айдап кетіп, өртеп жіберген деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл ақпаратты БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан.

Фото: ҚазАқпарат

Фото: ҚазАқпарат

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 21 тамызға қараған түнде болған.

2002 жылғы жасөспірім Орал қаласының 27 жастағы тұрғынына тиесілі «ВАЗ-2109» маркалы автокөлігін айдап кеткен.

Жәбірленуші автокөлігін ауладағы тұраққа қойып, ішіне 150 мың теңгесін қалдырып кетіпті. Ұры қылмыстың ізін жасыру үшін көлікті бөлшектеп, өртеп жіберген.

Көлік Хан тоғайы ауданынан өртенген күйінде табылды.

Ұсталған күдіктіден айғақ заттар (кілттер жиынтығы, медициналық көмек кітабы, дөңгелектер) тәркіленген.

Абай полиция бөлімі ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігіне сәйкес (көлік айдап кету) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel