Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұз қаласына 35 жастағы азамат әкім болып тағайындалды

Опубликовано:

Екібастұз әкімі болып Ержан Иманзаипов тағайындалды. Қаланың жаңа әкімін бүгін облыс басшысы Болат Бақауов таныстырды. Оның кандидатурасы президент әкімшілігі мен депутатармен келісілген соң тіркелді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ержан Иманзаипов. Фото: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ержан Иманзаипов. Фото: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі: UGC

35 жастағы Ержан Иманзаипов Екібастұз әкімі қызметінде Нұржан Әшімбетовты алмастырды.

Анықталғандай, шаһардың жаңа басшысы ЖОО-ның қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Өз еңбек жолын ол Павлодар қалалық ТКШ бөлімінің қарапайым бас маманы ретінде бастаған.

Оған қоса, кейін Ақмола облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінде директор орынбасары болып қызмет етті.

Облыс әкімі Екібастұздың жаңа басшысына экономикалық әсерді инвестиция түрінде беру тапсырмасын жүктеді. Индустриалды аймақты құру мәселесін бақылауға алу тапсырылды.

Фото: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі: UGC

Ержан Иманайыпов 1984 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 2006 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша, 2010 жылы –  Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 2006 жылы Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы болып бастады.

2006 жылдан 2007 жылға дейін Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлігі құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеттің жетекші маманы қызметін атқарды.

2007 – 2011 жылдары – Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жетекші маманы, сарапшысы қызметтерін атқарды.

2011 жылдан 2013 жылға дейін – Ақмола облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаменті директорының орынбасары, 2013 жылдан 2014 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқарма басшысы, директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

2014 жылдан 2016 жылға дейін – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, 2016 жылдан 2017 жылға дейін Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2017 жылғы қараша айынан бері Павлодар облысы энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1813363-erzan-imanzaipov-ekibastz-kimi-bolyp-tagajyndaldy/

pixel