RU
"40 млрд теңге жетпейді": Көлгінов ұзақ мерзімді құрылыс туралы айтты

"40 млрд теңге жетпейді": Көлгінов ұзақ мерзімді құрылыс туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Елорда әкімі Алтай Көлгінов "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында мемлекет бөлген 40 миллиард теңге Нұр-Сұлтандағы барлық проблемалық нысандар құрылысын аяқтауға жеткіліксіз екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Біз бұл мәселемен қазіргі уақытта айналысып жатырмыз. Бізде 51 нысан болса, оның 76-сы – көп қабатты үй. Бұлар біраз уақыттан бері шешілмей келе жатыр. Елбасымыз бұл мәселенің шешімін табу үшін 40 млрд теңге қаражат бөлуді тапсырды. Үлескерлердің мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бақылауында. Сондықтан біздің алдымызда үлкен міндет тұр – осы мәселелердің оң шешімін табу", - деді қала басшысы.

Әкім бірқатар проблемалық мәселелерді анықтап, жоспарға бекіткенін атап өтті.

"Ең бастысы, мемлекет оған үлкен қолдау көрсетіп отыр. Бірақ 40 млрд теңге деген бүкіл нысанға жетпейді", - деді Көлгінов.

Әкім сол себепті барлығын бюджеттің есебінен жасауды көздеп отырмағанын растады.

"Инвесторларға тартымды жобалар бар. Қазір инвесторларды тартып жатырмыз. Инвесторларға ол қолайлы. Біріншіден, олар қаланың жақсы жерлерінде орналасқан. Әрине бұрынғы құрылысшылардың қолынан келмеді немесе заңды сақтамады. Сондықтан олар қиындықтарға тап болды.
Тартымды жобаларды инвесторларға беріп жатырмыз. Ондай жұмыстар жүруде. Біздің үлескерлер соны құптап отыр. Ал инвесторларға мүлдем тартымсыз немесе қаржылық моделі инвесторларға сай келмейтін жағдайда біз мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп отырмыз. "Елорда құрылыс" деген компания құрылды. Солар арқылы біз қаражатты береміз. Бірақ ол қаражат қайтарымды. Үйді салғаннан кейін үлескерлерге үйді береміз де қалған пәтерлерді сатып, қаржыны мемлекетке қайтаруымыз қажет", - деді қала басшысы.

Көлгінов осы жылы 10 үйді іске қосуды жоспарлап отырғанын растады.

"Биыл 10 үйді іске қосуды көздеп отырмыз. Алдағы уақытта 15 үй, одан кейін қалған үйлерді бітіреміз. Сонда 3-5 жылда біз оны түбегейлі шешуіміз қажет. Ол үшін үлкен жұмыс атқаруымыз керек", - деді Көлгінов.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel