RU

Екі арудың да көңілін қимаған жігіт екеуіне қатар үйленіп алды

Индонезияда екі қызбен қатар кездесіп жүрген сері жігіт оларды ренжіткісі келмегендіктен екі аруды да жар етіп алуды жөн көрген. Бұл әрекетімен азамат қиын өмірлік жағдайдан шығудың оңтайлы жолын тапқан деп жазады Unilad басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/Ani Purwani
Фото: Facebook/Ani Purwani: Facebook

Индонезияның Батыс Калимантан провинциясында қызықты оқиға орын алды. Бірден екі қызға үйленген жігіт өз қылығын бойжеткендердің ешқайсысын ренжіткісі келмегенімен түсіндірді.

Сол себепті, ол екі тараптың да көңілінен шығу үшін екеуін де жар етіп алуды шешкен. Екі қалындық үшін ол 10 мың үнді рупи, яғни 272 теңге төлеген.

Айта кетерлігі, Индонезияда көпәйелділікке рұқсат берілген. Алайда, тек бір шарты бар. Ер адам тағы бір неке тіркеу үшін бірінші әйелінің келісімін алу керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1813380-eki-arudy-da-kilin-kimagan-zigit-ekeuine-katar-jlenip-aldy.html