RU
"Қазір Дінмұхаммед айтсын": Крутой жариялаған видео көпті тәнті етті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Қазір Дінмұхаммед айтсын": Крутой жариялаған видео көпті тәнті етті

Рассказать Вконтакте

Ресейдің халық әртісі Игорь Крутой өзінің Instagram парақшасында Қазан қаласының мэрі, Филипп Киркоров, Димаш Құдайберген және Қанат Айтбаев бесеуі ән айтып тұрған қызықты видео жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Композитор Қазанда өткен "WorldSkills Kazan 2019" чемпионатының ашылу салтанатын өткізіп, тамақтанғандары туралы жазған.

"Қазаннан Сочиге қайтар алдында тамақтандық... "Новая волна", қарсы ал!", - деп жазды Крутой.

Видеодағы квинтет Игорь Крутойдың "Жестокая любовь" әнін орындайды.

Кенеттен, Қазан қаласының мэрі Илсур Метшин "Жоқ, қазір Дінмұхаммед айтсын" дейді.

Ал, желі қолданушылары болса, композитордың видеосына дән риза болып, тағы жалғасын салуын өтінді.

"Жалғасы болады ма?", "Керемет квинтет үшін рахмет. Сөз жоқ. Бәріңізді бүгін "Новая волнада" күтеміз", "Сөзін ұмытып қалды", "қандай керемет орта", - деп жарыса жазды сазгердің оқырмандары.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
1
0
37
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel