RU
Алматыда басы дауға қалған ағайынды жігіттердің анасы халыққа үндеу жасады (видео)

Алматыда басы дауға қалған ағайынды жігіттердің анасы халыққа үндеу жасады (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматыда бір топ адамды көлікпен әдейі қақты деген күдікке ілінген ағайындылардың анасы қазақстандықтарға видео үндеу жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр, instagram.com/alikeeva_n, almaty_chp , 31 канал

Фото: видеодан кадр, instagram.com/alikeeva_n, almaty_chp , 31 канал

Екі жүргізушінің анасы Назира Әлекеева халыққа үндеуінің видеосын өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Бейнероликте әйел адам өз ұлдарын ақтап алуға тырысқан.

"Менің ұлым ішімдік ішпейді. Азар болса екі стакан болуы мүмкін. Алайда, бұл оның шегі. Оны тәртіпсіз әрі жанжалқой деп сипаттап жатыр. Бірақ, мен өзім одан мұндай қасиеттер байқаған емеспін" , - деді ол.

Келіншек ол күні жиені өзінің 25 жасқа толуын тойлап жатқанын алға тартты. Жас жігіттермен бірг Назираның ұлдары да караокеге барған.

"Менің естуімше, оқиға Гагарина-Әл-Фараби қиылысында орын алған. Үлкен ұлым Жандосты тұтқындап, үш бап бойынша айып тағып отыр. Оған алты мен жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр" , - деді келіншек.

Видеода Назира Әлекеева болған жағдай бойынша өз нұсқасын баяндап берді. Әйел адам үлкен азаматтардың ұлы Жандосқа шабуылдағанын жеткізді.

"Ол караокеден далаға шыққан. Сол кезде оған шабуыл жасалды. Әдеттегідей, сөзден сөз шыққан. Ұлыма шабуылдаған ер адамдар одан әлдеқайда жасы үлкен " , - деді ол.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде біреулердің адамдарды көлікпен әдейі қаққаны бейнеленген жантүршігерлік видео тараған болатын.

Анықталғандай оқиға бойынша күдікке ілінген екі жігіт ағайынды бауырлар болып шықты. Жігіттердің анасы олардың соққыға жығылғанын жайып салды.

Сіздің реакцияңыз
21
2
5
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel