Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новосибирскте ғимарат опырылып түсіп, екі адам қаза тапты (фото, видео)

Опубликовано:

Ресейдің Новосибирск қаласында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан ғимарат опырылып, екі адам қайтыс болды. Құтқарушылар үйінділер астында қалған жұмысшыларды иттердің көмегімен іздестіруде деп хабарлайды Life.shot Telegram каналына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Life Shot
Фото: Life Shot: UGC

Қираған үйінді астында қалған адамдарды іздеу жұмыстарының жалғасып жатқаны хабарланды.

Құтқарушылар үйінді астында қалған бір жұмысшыға көмектесті. Қазіргі уақытта оны дәрігерлер қарап жатыр.

Адамдарды іздеуге кинологтар мен үйретілген иттер тартылды.

Қазіргі уақытта қайтыс болғандардың бірі қиранды астынан шығарылды.

Арнаның жазуынша, алдын-ала мәліметтер бойынша, ғимарттың құлауына салу кезінде кеткен кемшіліктер себеп болуы мүмкін.

Mash Telegram арнасы Ресейдің тергеу комитеті апаттан кем дегенде екі адам зардап шеккенін хабарлағанын жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1813396-novosibirskte-gimarat-opyrylyp-tsip-eki-adam-kaza-tapty-foto-video/

pixel