Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ана туралы өлең оқыған Азамат Сатыбалды көпшілікті жылатты (видео)

Опубликовано:

Актер Азамат Сатыбалды желіде ана жайлы өлең оқыған видеосын жариялады. Өнер иесінің әсерлі бейнежазбасы көптің көңілін тебірентіп, желідегілер көзіне жас алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/azamatc/ Видеодан кадр
Фото: Instagram/azamatc/ Видеодан кадр: Instagram

Азамат Сатыбалды Мұқағали Мақатаевтің "Ана, сен бақыттысың" өлеңін тебірен оқыған сәтінен Instagram парақшасына салған.

Танымал өлеңді оқыған актердің өзі де көз жасына ерік берген.

Желі қолданушылары Азамат Сатыбалдының өнеріне тәнті болып, көздеріне еріксіз жас келгенін жасырмады.

"Көзімізге жас келді. Недеген актерлік шеберлік" , "Өте мықты орындау, аға. Бастысы осы сөздерді уақытылы айтып үлгеру" , "Анамды еске түсірдіңіз. Жылағым келіп тұр" , "Өнеріңізге басымды иемін. Өте әсерлі, көзге еріксіз жас келді", "Мынадай өлең оқылғаннан кейін көзіңе қалай жас алмайсың" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1813404-ana-turaly-le-okygan-azamat-satybaldy-kpsilikti-zylatty-video/

pixel