RU
Әйгілі ресейлік актер 79 жасында үшінші қыздың әкесі атанды (фото)

Әйгілі ресейлік актер 79 жасында үшінші қыздың әкесі атанды (фото)

Рассказать Вконтакте

79 жастағы танымал ресейлік актер Эммануил Виторган үшінші рет қызды болды. Әйгілі әртіс пен оның үшінші әйелі тағы бір сәбидің ата-анасы атанған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты хабарымен актердің өзі Instagram парақшасында бөліскен.

Жұлдызды әке көпшілікке жұбайы Ирина екеуі тағы да ата-ана атанғанын хабарлап, сәбиге қандай есім бергенін де айтты.

"Біздің отбасы тағы бір жанмен толықты. Дүниеге тағы бір қызым келді. Анамның құрметіне перзентіме Клара есімін бердім" , - деп жазған актер.

Анықталғандай, ерлі-зайыптылар суррогат ананың көмегіне жүгінген екен.

Айта кетейік, бұл Виторганның үшінші некесі. Кларадан басқа Ирина екеуінің Этель есімді қыздары бар. Оны да былтыр суррогат ана дүниеге әкелген.

Сондай-ақ, Эммануил Виторганның бірінші некеден Ксения атты қызы мен екінші әйелінен Максим есімді ұлы бар.

Көпбалалы әке атанған актерді желіде оқырмандармен қатар, ресейлік танымал жұлдыздар да жарыса құттықтауда.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel