RU
Түркияда адамдар өтіп бара жатқан көпір опырылып қалды

Түркияда адамдар өтіп бара жатқан көпір опырылып қалды

Рассказать Вконтакте

Желіде екі адам өтіп бара жатқан көпірдің кенеттен өзенге опырылып түскен видеосы тарады. Анықталғандай, төтенше жағдай Түркияның Самсун қаласында болған. Оқиғаға дейін бұл аймақта қатты жаңбыр жауған деп жазады Sputnik International басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кдар. Коллаж: NUR.KZ

Фото: видеодан кдар. Коллаж: NUR.KZ

Оқиға 26 тамыз күні орын алған.

Желіде тараған бейнежазбадан кенет көпірдің опырылып, екі адамның тұрақта тұрған көлікпен қоса өзенге құлап кеткенін көруге болады.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, оқиғадан зардап шеккендер жеңіл жарақаттар алған.

Сонымен қатар муниципалитет көпірдің жабық болғанын атап өтті. Алайда, тұрғындар онымен жүрген.

Айта кетерлігі, оқиғаға дейін аталмыш аймақта қатты жауын-шашын болған. Бұл көпір опырылуының себебі болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel