Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда адамдарды көлікпен қаққандарға қатысты жәбірленуші өз нұсқасын айтты

Опубликовано:

Алматыда ағайынды жігіттер қаққан азаматтардың бірі Сергей Хан оқиғаға қатысты өз пікірін айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орынан кдар видеодан алынды
Оқиға орынан кдар видеодан алынды: UGC

Ер адамның сөзінше, ол сол күні екі досымен және немере інісімен дәмханаға баруды ұйғарыпты. Кейін олардың бірі дүкенге бару үшін, сыртқа шыққан.

Дәмханаға ең жақын орналасқан дүкен Гагарин көшесінде болған. Жол-жөнекей олар 15-20 адамның арасындағы кикілжің болып жатқанын көрген. Тіпті сол адамдардың бірі Сергейді де шақырған екен.

"Бізге бірдеңе деп айта бастады. Неге екенін білмедім, бәлкім бізді басқа біреумен шатастырып алған шығар", - деп еске алды ол.

Ер адамдар оқиғаға қатысы жоқ екендіктерін, тек жолай кетіп бара жатқан адамдар екендіктерін түсіндірмек болған. Алайда қарсы тарап айтқандарын түсінбей, сес көрсете бастаған. Сергейдің айтуынша, жігіттердің бірі тіпті немере бауырын ұрып жіберген екен.

"Айғай-шу басталды, бәрі шулай бастады... Бірнеше адам көлікке отырғанда, біз оларға көліктен шықсын деп айғайладық. Олар бізге жауап ертінде көліктерімен бізге қарай жүріп, таптай жөнелді", - деп еске алды Сергей.

Сергей Ханның сөзінше, ағайындылардың бірінің қолында қару болған.

Ер адам күдіктілердің отбасы әлі кешірім сұрмағанын айтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін болған оқиғаға қатысты жігіттердің анасы Назира Әлікеева пікір білдірген.

Әйел адам ересек азаматтар оның үлкен ұлы Жандосқа караоке жанында еш себепсіз тиіскенін мәлімдеген. Оның айтуынша, балалары адамдарды қаққысы келмеген, олар тек өздеріне шабуылдағандарды көлікпен қорқытқысы келіпті.

Айта кетейік жақында ғаламторда екі көліктің адамдарды әдейі қаққан видеосы тараған еді.

Салдарынан үш адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген болатын.

Күдіктілердің ағайында екені хабарланды. Олардың бірі ұсталған.

Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ағайынды жігіттерге өлімге әкеп соқтыратын қастандық жасады деген айып тағылып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813427-almatyda-adamdardy-klikpen-kakkandarga-katysty-zbirlenusi-z-nskasyn-ajtty/

pixel