RU
Атамбаевты тұтқындау кезінде қаза тапқан арнайы жасақ сарбазы марапатталды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Атамбаевты тұтқындау кезінде қаза тапқан арнайы жасақ сарбазы марапатталды

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тұтқындау операциясы барысында, қаза тапқан сарбаз Усенбек Ниязбековтың өлімінен кейін, оған "Эрдик" медалі тағайындалды деп хабарлайды 24.kg-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 24.kg

Фото: 24.kg

Тиісті жарлыққа Қырғызстанның қазіргі президенті Сооронбай Жээнбеков қол қойған.

"Жарлыққа сәйкес полковник Усенбек Ниязбеков өлімінен кейін, әскери борышын өтеу барысындағы ерлігі үшін, "Эрдик" медалімен марапатталады", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 7 тамызда Қырғызстанның Қой-Таш ауылында бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты тұтқындау операциясы басталғаны хабарланған болатын.

Ол алғашында сәтіз аяқталып, тәртіпсіздік барысында шамамен 45 адам зрдап шегіп, "Альфа" командирінің орынбасары оқ тиіп, қайтыс болған еді.

Екінші күні Алмазбек Атамбаев билікке өзі берілген еді. Ол 26 қазанға дейін қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel