Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда банк төрағасы ауыл мектебінде маляр болып жұмыс істеді

Опубликовано:

Алматы қаласының жанында орналасқан Гүлдала ауылындағы № 21 ауылдық мектептің табалдырығына банк қызметкерлері ат басын тірегені өте таңғаларлық жағдай болды. Сапар қаржылық қызметтермен байланысты болмады. Банк қызметкерлері өз қолымен мектепке 1 қыркүйекке дайындалуға көмектесуді ұсынды.

Алматыда банк төрағасы ауыл мектебінде маляр болып жұмыс істеді
Сурет: «Еуразиялық банк» АҚ, Басқарма төрағасы Валентин Морозов: Facebook

Өз қызметкерлерінің бастамасын Еуразиялық банктің басқарма төрағасы болып тағайындалған Валентин Морозов қолдаған болатын. Ол сенбілікте маляр қызметін атқаруға келіскен, оның үстіне мұндай жұмыс оған таныс болды — студенттік кезде ол бос уақытында балалар алаңдарының құрылысында жұмыс істеген екен.

Алматыда банк төрағасы ауыл мектебінде маляр болып жұмыс істеді
Сурет: «Еуразиялық банк» АҚ: Facebook

Демалыс күні таңертеңнен бастап түске дейін 30 адамнан тұратын команда банкирлерге тән емес қызметпен айналысты: орындықтар, урналар, турниктер, брусья, баскетбол қалқандары мен дуалдарды бояды. Дене шынықтыру сабақтары көңілді және тиімді өту үшін банк қызметкерлері мектепке футбол қақпаларына арналған тор мен доп жинағын сыйлады.

"Бүкіл Қазақстан бойынша "Мектепке жол" акциясы жүріп жатыр. Қазақтың мақалы бар ғой - "мыңдаған ересек адамға жақсылық жасағанша, бір балаға жақсылық жасау керек. Ол есінде сақтап қалады", - деді мектеп директоры Қуан Айтбаев.

Мектеп ескі, әрі ауылда орналасқан болса да онда 2000-ға жуық бала оқиды, 180 мұғалім мен педагог жұмыс істейді. Оқыту қазақ, орыс және ұйғыр тілдерінде жүргізіледі.

Жыл сайын Еуразиялық банк басқа банктер мен компаниялар сияқты "Мектепке жол" республикалық акциясын қолдайды. Биылғы жылы 200 балаға сабаққа дайындалуға қаржылай көмек көрсетілді. Алайда банк қызметкерлері акцияға жеке қатысып қолдау көрсету маңызды деп санады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813438-almatyda-bank-tragasy-auyl-mektebinde-malar-bolyp-zmys-istedi/

pixel