RU
Жамбыл облысында басы бос ер адамдарды құрығына түсірген әйел ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Жамбыл облысында басы бос ер адамдарды құрығына түсірген әйел ұсталды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында іздеуде болған күдікті әйел ұсталды. Келіншек алаяқтық бойынша күдіктелген. Ол Тараз тұрғынының арқасында қолға түскен деп хабарлайды "NewTimes.kz"-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: zakon.kz/ Жамбыл облысының ПД

Фото: zakon.kz/ Жамбыл облысының ПД

Басылымының мәліметінше, қала тұрғыны іздеуде жүрген күдікті әйел адамды танып, полицияға хабар берген.

Құқыққорғау органдарының қызметкерлері күдікті жайлы ақпарат берген қала тұрғыны азаматтық позициясын белсенді танытқаны үшін алғысқа ие болатынын жеткізді.

Ұсталған Айгүл Ниязова тамыз айының ортасынан бастап іздеуде болған. Оның бірнеше алаяқтық қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екені айтылған. Бұған дейін келіншек бірнеше мәрте жауапкершілікке тартылған.

Бірінші рет ол 1988 жылы темір торға тоғытылды. Одан кейін тағы бес мәрте сотталған. Әйел адам бостандыққа 2017 жылы шыққан. Алайда, түрмеде өткізген уақыт аралығы күдіктіге еш әсер етпесе керек. Ол қайтадан өз ісіне көшкен.

Келіншек Жаңатас қаласына қоныс аударып, жергілікті тұрғындардың бірімен танысады. Кейін олар бірге тұра бастайды.

Күдікті азаматтық некедегі күйеуінің туыстарын алдап үлгерген. Яғни олар Тараз қаласынан мемлекеттік бағдарлама бойынша арзан пәтер алуға көмектесетінін айтқан әйелге сеніп, ірі көлемде ақша аударған.

Ал күдікті құрбандарынан қаржыны алған бойда, сол мезетте күйеуінің үйінен ізін суытқан.

Қазіргі таңда, күдікті әйелдің үстінен төрт арыз түскен. Олардың үшеуін Сарысу ауданының тұрғындары мен бір семейлік жігіт жазған.

Келіншек уақытша тергеу изоляторына тоғытылып, оған қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Сіздің реакцияңыз
1
8
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel