RU
"Жын кіріп кеткен": Нұр-Сұлтанда құмар ойынның жетегінде кеткен жігіт тәуіптің күшімен сауыққан
Жаңалықтар Қоғам

"Жын кіріп кеткен": Нұр-Сұлтанда құмар ойынның жетегінде кеткен жігіт тәуіптің күшімен сауыққан

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда емшілікпен айналысатын Нұрилә апа өзіне әйелдерден бөлек, ер адамдардың да жиі келетінін айтады. Тәуіптің сөзінше, ол жанына жын кірген адамдарға араша түседі екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Құмалақ ашып, болашақты болжайтын ол 30 жастағы ер-азаматтың ішінен жынды қалай шығарғанын айтып берді.

"Адамдарды адастыратын жынды мешіт имамдары да алып шығып жатады. Мен де өз сүрелерімнің көмегімен талай адамның бетін бері қаратқанмын. Өткен жылы жасы алпысты еңсерген ақсақал келіп, ұлының құмар ойынның жетегінде кеткенін айтып берді.

Мен ұлын бірге алып келуді сұрадым. Кейін айтқанындай бір аптадан кейін, ол ұлын өзімен бірге ертіп әкелді.

Өкініштісі бір жылдың ішінде әлгі ұлы астанадағы пәтерінен, көлігінен, тіпті бар жинаған мүлкінен айырылып қалған екен.
Әлгі баланың көзінде нұр болмады. Санасын ойын жеңген, жынның жетегінде кеткен. Сөйтіп сүремді оқып, оған бар білгенімше көмектесуге тырыстым.
Бір жақсысы адамның ішкі жан дүниесінде өзгеруге, түзу жолға түсемін деген аз да болса талпыныс болса, оны тез сауықтыруға болады. Мына балада сондай болды. Қазір әйелімен де қайта татуласқан, жұмысқа да қайта тұрған дес естідім", - дейді тәуіп әже.

Сонымен бірге ол көпшіліктің тәуіп пен бақсы-балгерлерге, құмалақшыларға қатысты пікірі оң емес екенін атап өтті.

"Аллаға серік қосқанмен тең деп жатады. Бізге Құдай сондай айрықша қасиет берді, демек біз сол қасиетімізді адамдарға жақсылық жасауға жұмсауымыз керек. Кейде адамдарды алдап соғатын, алаяқ тәуіптердің барын да естіп жатамыз. Бәрі тек адамның өзіне байланысты", - деп сөзін қорытынтылады әжей.
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
1
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel