Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Ресей барлық бағытта біздің негізгі одақтасымыз болып қалады

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады. Кездесу барысында тараптар еуразиялық экономикалық интеграция аясындағы екіжақты  ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады деп хабарлайды Elbasy.kz.

Yfpfh,ftd
Фото: Elbasy.kz: Depositphotos

Елбасы Қазақстан мен Ресей арасында қалыптасқан қарым-қатынастардың ерекше сенімді сипатқа ие екенін атап өтті.

"Біз он мың бірлескен кәсіпорын құрдық. Ресей – Қазақстанның ең ірі экономикалық серіктесі. Мен жұмыс істеген жылдардың бәрінде біз Сіздің еліңізбен жақын және сенімді қарым-қатынас орнаттық. Бүгін біз барлық уағдаластықтарымызды бекем ұстанып келеміз", – деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және кеңейту үшін бірлескен шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

"Ресей барлық бағытта біздің негізгі одақтасымыз, серіктесіміз болып қала береді. Біз қарым-қатынастарымызды бағалаймыз және әрі қарай дамыта береміз.
Мен бұрын айтқанымдай, санкциялар жағдайында экономиканың түрлі салаларында бірлескен кәсіпорындар құруға ерекше назар аудару керек, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев елшілік қызметі алдағы уақытта да екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды жақындатуға және нығайтуға бағытталатынына сенім білдірді.

"Ресейде тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы және сәулетшісі, Тұңғыш президент – Ұлт көшбасшысы ретінде Сізге үлкен құрметпен қарайды. Сіз дамудың стратегиялық бағытын сақтаудың кепілі болып қала бересіз",  – деді Ресей Федерациясының Төтенше және өкілетті елшісі.

Сондай-ақ, Ресей елшісі сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту үшін перспективаның бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Елбасы Қазақстан мен Ресейдің бірлескен кәсіпорындарын құру және дамыту, сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастықты жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1813476-nazarbaev-resej-barlyk-bagytta-bizdi-negizgi-odaktasymyz-bolyp-kalady/

pixel