RU
Ақтауда көлік жүргізбек болған жеткіншектер апатқа ұшырады (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтауда көлік жүргізбек болған жеткіншектер апатқа ұшырады (видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтауда жол талғамайтын көлікті жүргізбек болған балалар жол-көлік оқиғасының себепкері болды деп хабарлайды Lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Lada.kz

Фото: Lada.kz

Басылымның ақпары бойынша, оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары автокөлік ішінде екі баланың отырғанын көрген.

Жеткіншектер құқық қорғаушыларға ата-аналарының телефон нөмірлерін беруден де, оларға өздері қоңырау шалудан да бас тартқан.

Полиция қызметкерлеріне әкімшілік хаттама толтырып, автокөлікті айып тұрағына жеткізуге тура келеді.

Жол-көлік оқиғасы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жанында орын алды.

Куәгерлердің айтуынша, балалар көлікпен шамамен 5 шақырым жер жүріп өткен. Содан кейін рөлді игере алмай Daewoo Nexia автокөлігіне соғылған.

Әкімшілік хаттамадан бөлек, жеткіншектер жөнінде қосымша мәліметтер жиналып, қала әкімдігі мен кәмілеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау бойынша комиссияға беріледі.

Сіздің реакцияңыз
0
2
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel