Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тергеуші қысым көрсетті": Галееваның өліміне күдіктілер сотта сөздерінен айныды

Опубликовано:

Анастасия Галееваның өліміне қатысты айыпталушылар әлі күнге дейін кінәларын мойындамады. 28 тамызда өткен сот отырысында Евгений Степанов пен Асхат Баржақсын бұған дейінгі тергеушілерге берген түсініктемелерінен айнып отыр деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

КТК видеосынан алынған кадр
КТК видеосынан алынған кадр: UGC

27 жастағы Евгений Степанов сот отырысы барысында Анастасия Галееваны өлтірмегенін мәлімдеді.

Ол бұған дейін берген мәлімдемесінен бас тартып, тергеушінің оған қысым көрсеткенін алға тартты.

"Жоқ, мойындамаймын. Тергеушілер 99-шы бап бойынша кінәні мойныма алуым керектігін, әйтпесе топтасып адам өлтіру дерегі бойынша 30 жылға түрмеге қамалатынымды, менімен қоса әйеліме де айып тағылатынын айтып қысым жасады. Мен оны өлтірмедім. Бірақ қорыққанымнан қылмысты жасыруға тырыстым", - дейді Евгений Степанов.

Бүгінге дейін тергеу тарапынан қысым көргендері жайлы жақ ашпаған олар сот отырысын күткендерін айтады. Сондай-ақ, айыпталушылар Анастасияға керісінше, қолдан келгенше көмек көрсетуге тырыстықандарын алға тартады.

Олардың айтуынша, есірткіден аяқ-қолы тырысып, тынысы тарылған қыздың есін жинату үшін бетінен ұрған көрінеді.

Ал тілін жұтып қоймасын деп аузына кілт пен қасық салған кезде "тістері сынып кеткен болу керек" дейді.

Осылайша, олар аман алып қала алмаған соң Анастасияның денесін кілемге орап, суға ағызып жібергендерін айтты.

"Сол сәтте түрлі алғашқы көмек көрсетіп, аман алып қалуға тырыстық. Бірақ ол қозғалмай қалды. Маргарита оның қайтыс болғанын айтты. Ал мен есеңгіреп, "жедел жәрдем шақыруымыз керек" дедім. Евгений болса, есірткі қолданғанымызды білсе, түрмеге жабылатынымызды ескертті", - дейді айыпталушы Асхат Баржақсын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Прокурор сотта Анастасия Галееваның қалай өлтірілгенін айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813496-tergeusi-kysym-krsetti-galeevany-limine-kdiktiler-sotta-szderinen-ajnydy/

pixel