Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Палатка құрып, далаға түнеп жүрген ақтөбелік отбасы жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Ақтөбеде ішерге асы, киерге киімі, жатар орны жоқ отбасы қазір палатка құрып, далаға түнеп жүр. Әкімдік берген құрылысы аяқталмаған баспана тұруға жарамсыз. Бес адам кеш батса үйлерінде шам жағып отырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Сахтиндер отбасына төрт қабырғасы ғана көтерілген бір бөлмелі баспана қала іргесіндегі "Строитель" бау-бақша ұжымынан берілген.

Тұрақты табыстары жоқ отбасы құрылыс жұмыстарын өз беттерімен аяқтай алмай отыр. Баспана деген аты ғана. Төбесі жабылмаған үйде электр тоғы тартылмаған, ауыз су жүргізілмеген. Отбасындағы үш баланың мектеп киімі түгіл есік алдына киіп шығатын сүйретпе аяқ киім де жоқ.

"Өзім байлардың үйін жинап, 2-3 мың теңге аламын. Ол тапсырыс бірде болады, бірде болмайды. Күйеуім жол бойында тұрып, жұмысқа жалданады. Ақша бір күн бар, екінші күні жоқ. Үлкен қызым 8 сыныпқа, ортаншысы 4 сыныпқа, кішісі мектепке дайындыққа барады. Балалар сабаққа дайын емес. Ақтөбе қаласының әкім Мавр Абдуллин 6 сотық жері бар саяжай берді. Мұндағы үйдің тек төрт қабырғасы бар. Бетон төбе жарылып тұр, құлап кетуі мүмкін. Қауіптеніп, далаға қонып жүрміз. Ал атаулы әлеуметтік көмек алуға тұрақты жұмыс керек", - дейді Мира Байтуғанова.

Қазір отбасы қыс таяғанда алған баспаналарының төбесін жауып, от жағатын пеш салып беруді сұрайды.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Терезе салып, төбесін жабу керек. Үйге пеш салып, от жағуды жоспарлап отырмыз. Қазір үй секілді шағын сарайдан дала көрінеді, төбесі сәл қозғалда ортасына түсейін деп тұр", - дейді келіншек.

Қалалық әкімдік отбасы сұраған барлық көмекті көрсеткенін айтады.

"Бір ай бұрын әкімнің қабылдауына келген. Үй құрылысына жер беру мәселесін қарастырып беруін сұраған. "Құрылысты өз бетінше жүргізем, тек жер берсеңіз жетеді" деп мәлімдеген. Жері берілді, рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр. Әрі қарай құрылыс жұмыстарын өз күшімен жүргізулері тиіс", - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Отбасы несиенің де қарызына батып отыр. Пәтерақы төлеуге қиналып, сол үшін несие де алған. Банктен ақшалай ала алмаған кезде техника дүкенінен ұялы телефон сатып алып, оны сол жерде сатып жіберген.

Қазір отағасы Нұрлыбек Сахтиннің төрт жыл бұрын алған 150 мың теңгесі 380 мың, әйелі Мира Байтуғанованың үш жыл бұрын алған 200 мың теңге 245 мың теңге болып өсіп кеткен.

Отбасына көмек көрсетем деген қайырымды жандар мына нөмірлерге хабарласа алады: Мира Байтуғанова: 8778 126 10 21, 8771 686 10 21

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813518-platka-kryp-dalaga-tnep-zrgen-aktbelik-otbasy-zanajkajyn-zetkizdi/

pixel