Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайлық қазақ 114 күн бойы тамақ ішпей 5 мың шақырымды жаяу жүріп өткен

Опубликовано:

Шынжаңның Тарбағатай аймағынан бес мың шақырым шалғайда жатқан Шанхай қаласына жаяу аттанған қандасымыз Серік Зейнелұлы 28 тамызда мәреге жетті. Ол осы аралықты тамақ ішпей, тек сумен ғана нәр алып жүрген деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: pxhere.com
Көрнекі фото: pxhere.com: Depositphotos

Серік Зейнелұлы 8 мамыр күні жолға шыққан. Ол бұл алыс сапар барысын аузына бір түйір де нан салмай, тек су ішіп қана жүріп өтуді мақсат еткен.

Айта кетерлігі, марафоншының тамақ ішпегенін дәлелдеу үшін бойына арнайы аппарат тағылып, камера орнатылған. Денсаулығын қадағалап отыру үшін інісі арнайы команда жасақтаған екен.

Ол алғашқы 29 күнде 1019 шақырымды жүріп өтіп, Әлемдік рекорд сертификат агенттігінің (World Record Certification Agency) "тамақ ішпей ең ұзақ жаяу жүрген спортшы" деген сертификатын еншіледі (Farthest distance walked while fasting).

Мұнымен тоқтамаған Серік Зейнелұлы тамақ ішпестен тағы төрт мыңға жуық шақырымды артқа тастап, 28 тамызда Шанхай қаласына ат басын тіреді.  

Үш айдан астам нәр татпаған енді тамақтануды бастамақ.

Ал ер азаматтың тамақ ішпей мыңдаған шақырымды жүріп өтеудегі басты мақсаты - адам баласының ерекше мүмкіндігін дәлелдеу, қатаң талап қойып, өзін жеңе білген жанның алмайтын биігі жоқ екенін бүкіл әлемге паш ету болған.

Айта кетейік, Серік Зейнелұлы 1980 жылы Шыңжаңның Іле-Қазақ автономиялы облысында дүниеге келген. Жас кезінде спортпен айналысқан. Қазір жеке кәсіпкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813522-kytajlyk-kzak-114-kn-bojy-tamak-ispej-5-my-sakyrym-zaau-zrgen/

pixel