Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәйіттерді күні-түні өртеген": Қостанайдағы кісі өліміне қатысты жаңа деректер шықты

Опубликовано:

Қостанай облысының полициясы жантүршігерлік кісі өліміне қатысты оқиғаның мән-жайымен бөлісті. Күдіктілер ер адамды ұрлап кетіп, шынжырмен байлап ұстаған деп хабарлайды Alau.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Меңдіқара ауданындағы кафе қожайыны мен екі қара жұмысшы аталған қылмыс бойынша күдіктелуде.

Олардың үстінен 15 қылмыстық іс қозғалған. Күдіктілердің қылмыстық әрекетінен тағы бірнеше адамның зардап шеккені анықталды.

Өңірлік полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы Нұрлан Арыстановтың айтуынша, күдіктілер адамдарды қаржылық тәуелділікке итермелеген. Жіберген қателіктері үшін айыппұл салып, қолхат жаздырып отырған.

"Олардың әрқайсысы 40-100 мың теңге көлемінде қарыз болған. Қорқып, кете алмаған", – дейді тергеу басқармасының басшысы.

Ол сондай-ақ күдіктілердің кісі өлтіргеннен кейін мәйіттерді қайда жібергендерін айтып берді.

"Мәйіттердің қалдықтары полиэтилен пакетіне сыйып кетеді. Біз оларды оқиға орнын зерттеу барысында бір жылдан кейін ғана таптық. Олар мәйіттерді күні-түні өртеген. Түк қалдырмай өртеп жіберу үшін баллондарды қолданған", – деп түсіндірді Нұрлан Арыстанов.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, сондай-ақ қаза болған ер адамға сексуалдық зорлық көрсетілген.

Күдіктілер кісі өлтіру, дене жарақаттарын келтіру және зорлау бойынша айыпталуда. Белгілі болғандай, кафе қожайыны бірқатар жұмысшыларды жүйелі түрде ұрып-соққан, еңбек және сексуалды құлдықта ұстап келген.

Еске сала кетейік, өткен жылы полицияға әйел адам хабарласып, ұлының жоғалып кеткенін айтқан. Анықталғандай жігітті ұрлап әкетіп, шынжырлап ұстаған. Бір күні аштықтан ер азамат аспаз сыртқа шығарған кәстрөлден қолымен тамақ іше бастайды.

Алып қашқандар құрбанының ережені бұзғанын көріп, оны өлтірген, ал денесін өртеп жіберген.

Тергеушілер ер адам кафе иесінің тек бір ғана құрбаны емес деп санайды. Себебі ол жақта еңбек және сексуальдық құлдықтағыларды да ұстаған.

Қазір сот отырысы жабық режимде өтуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1813525-mjitterdi-kni-tni-rtegen-kostanajdagy-kisi-limine-katysty-zaa-derekter-sykty/

pixel