Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырқынан шығару нәрестені туберкулезден сақтайтыны рас па?

Опубликовано:

Қазақтың ежелден келе жатқан қырқынан шығару дәстүрі баланы туберкулез жұқтырудан сақтайды. Көпшілік білмейтін құпияны "Астана" медицина университетінің балалардың жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Динагүл Баешева айтып берді деп хабарлайды Қазақпарат.

Фото:qasym.kz
Фото:qasym.kz: Instagram

Маманның сөзінше, нәрестені дүниеге келген алғашқы айында сыртқа көп шығармаудың пайдасы көп екен

"Екпе инфекциялық аурудан сақтанудың ең тиімді әрі қауіпсіз жолы болып саналады. Баланың ағзасы жұқпалы ауруларға мейлінше осал болып келеді. Иммундық жүйесі әлі қалыптаспағандықтан, инфекция тез арада өршіп, ауыр сырқатқа айналуы мүмкін. Дегенмен вакцина кешігіп жатқан жағдайда әлеуметтік алдын алу шараларын қатаң сақтаған жөн.
Бала дүниеге келген алғашқы айда баланы сыртқа көп шығармаудың маңызы зор. Соның ішінде туғанына 40 күн болмаған баланың өзге адамдармен қарым-қатынасқа түспеуіне баса мән берген абзал.
Қазақтың "қырқынан шығару" салтының астарында осындай сақтықтың қамы жатыр. Бұлай айтуымның толық ғылыми негізі бар", - деген маман қазақтардың бұрын баланы жұқпалы кеселден қалай сақтағанын айтып берді.
"Қазақ екпе деген дүние пайда болғанға дейін нәрестені аурудан сақтаудың жолдарын іздеген. Ауа мен тамшы арқылы ауру тарауы мүмкін екенін олар жақсы білген. Сол себепті қазақтар кішкене баланы ешқашан аузының маңайынан сүймеген, тек маңдайынан иіскеген. Ол деген ғасырлар бойы келе жатқан білім. Бір күнде туған теория емес бұл.
Жаңа туған нәрестені қырқынан шыққанша оқшаулап ұстау арқылы туберкулезден 100 пайыз қорғауға болады. Сол сияқты ауа мен тамшы арқылы жұғатын тұмау, қызылша, менингоккок сияқты инфекциялардан да қорғауға болады. Медицинада екпе қырқынан шыға бере жасалады. Сондықтан, екпеге дейін осы салтты сақтаған ана ұтылмайды", - деді Динагүл Баешева.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Зейнеп Ахметова жаңа туған нәрестені қырқынан шығарғанда, шашы мен тырнағын ер адам алуы керектігін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813532-kyrkynan-sygaru-nresteni-tuberkulezden-saktajtyny-ras-pa/

pixel