Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда адамдарды көлікпен қаққан оқиғаға қатысты жаңа видео пайда болды

Опубликовано:

Алматыда ағайынды екі жігіттің үш адамды көлікпен әдейілеп қағуы жұртты дүр сілкіндірген еді. Ұсталған күдіктілердің бірі осылайша өздерін қорғауға тырысқандарын айтады. Желіде бұл оқиғаның тағы бір видеосы пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар видеодан алынды
Кадрлар видеодан алынды: UGC

Видео Instagram желісіндегі Almaty_chp парақшасында жарияланды.

"Адамдарды көлікпен басқан екі жігіт өздерін ақтап, екеуі ғана болғанын айтады. Шын мәнінде олар екі топ болып бір-біріне қарсы төбелескен", – делінген видеоның сипаттамасында.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде адамдарды көлікпен әдейі қаққан көліктің видеосы тараған болатын.

Кейіннен адамдарды аяусыз соққан көліктерді туған ағайындылар жүргізгені анықталды.

Күдіктілердің анасы балаларын ақтап, халыққа үндеу жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813533-almatyda-adamdardy-klikpen-taptap-ketti-okigaga-katysty-zaa-video-pajda-boldy/

pixel