Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

82-ге келген Нұрғали Нүсіпжанов әлі күнге дейін жас көрінуінің құпиясымен бөлісті

Опубликовано:

Осыдан бірнеше күн бұрын өзінен 45 жас кіші аруды жар еткен әнші Нұрғали Нүсіпжанов жасы 80-нен асса да, әлі тың көрінеді. Танымал тұлға "Қарақатпен шай" бағдарламасында жас көрінуінің құпиясын айтып берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрғали Нүсіпжанов. Фото:fil.kz,turkystan.kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Нұрғали Нүсіпжанов. Фото:fil.kz,turkystan.kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Сұхбат барысында әнші өзінің өмірін сахнаға арнаған адам екенін жеткізді.

"Жас көріну - менің артықшылығым немесе мұның белгілі бір сыры бар деп айта алмаймын. Менің өмірім сахнаға арналған. Жаңалығым немесе өнерде жүріп игерген бір шаруам болса, оның барлығы сахнада көрініс табады. Ал соны көрсету үшін жинаған майымды, қарнымды көтеріп шықпай, өзіммен-өзім шығайын деймін.
Сахна - киелі дүние. Оны кішкене баладан, еңкейген кәріге дейін барлығы көріп отырады. Ұтымды, жанға жайлы дүние болса, киімімізге де қарайды. Таралған шашымыз бен қиылған мұртымызға дейін қарап отырады.
Біз сахна адамы ретінде өнерге деген аманатты арқалаған адамдармыз. Біз соны ұмытпауымыз керек. Кішкентай болса да, жақсы нәрсенің үлгісі болуымыз керек", - дейді Нұрғали Нүсіпжанов.

Сондай-ақ өнер иесі малшының ұлы болғанын да жасырмай айтып берген.

"Туып-өскен жұртым Жетісу жері. Талдықорған жағында Күреңбел деген жер бар. Алғаш қадам басқаннан, мал ішінде жүрдік. Малшының баласы әке-шешесі қалай жұмыс істесе, солай еңбек етеді. Өйткені сен үй ішіңе, шаруаңа көмек көрсетуге міндеттісің.
Шешем марқұм "Жалғызбын деп айтпа, жалқымын де. Адамның аз немесе көп болып жүруі өзіне байланысты" дейтін. Үйдің ұлы да, қызы да - мен", - дейді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, күні бүгін 82 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың үйленгені жайлы ақпарат тараған болатын.

Әншінің таңдауы "Жүрекжарды" бағдарламасының жүргізушісі болған Жадыра Сейдешке түскен.

Сондай-ақ Жадыра Сейдештің әріптесі құрбысының шай үстінде жан сырын ақтарғанын айтып, құпиясымен бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1813537-82-ge-kelgen-nrgali-nsipzanov-li-knge-dejin-zas-krinuini-kpiasymen-blisti/

pixel