Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы тас жолдан ұшып кетті

Опубликовано:

Балқаш маңында жолаушылар автобусы аударылып, соның салдарынан 10 адам зардап шекті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: pixabay
Көрнекі фото: pixabay: Facebook

Жол-көлік оқиғасы Алматы-Екатеринбург тас жолында, Гүлшат ауылының маңында болған.

Автобус 29 тамызда шамамен 23:00 шамасында тас жолдан ұшып кеткен.

Оның аударылу салдарынан 10 адам зардап шекті.

"Шақыртуға Сарышаған, Балқаш ауылдарының жедел жәрдем бригадалары мен апат медицинасы көмектесті. 9 адам түрлі көгеру, сырып алу сынды жарақат алды. Оларға қажетті көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық емдеуге жіберілді.
"1988 жылғы әйел адам бас миының шайқалуы және омыртқа жарақаттымен Балқаш орталық ауруханасына жеткізілген. Өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, автобусты 61 жастағы жүргізуші басқарған.

"28 тамызда Алматы -Екатеринбург тас жолында Балқаш қаласынан 70 шақырым жерде Қарағанды қаласына қарай бағыт алған 61 жастағы Setra автобусының жүргізушісі ауыл арасындағы айналма жолдан өту кезінде алдын ала мәліметтер бойынша, рөлге ие бола алмай автобустың жыраға аударылуына жол берген. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді ведомства.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813546-karagandy-oblysynda-zolausylar-avtobusy-tas-zoldan-syp-ketti/

pixel