RU
Головкиннің жұбайы танымал күйеуінің жекпе-жегін көруге мүлде келмейтін болып шықты

Головкиннің жұбайы танымал күйеуінің жекпе-жегін көруге мүлде келмейтін болып шықты

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Fox News радиосына берген сұхбатында өзінің жекпе-жектеріне отбасы мүшелерінен кімнің келетінін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сұхбат барысында журналист боксшыдан: "Жұбайыңыз Алина жекпе-жектеріңізді тамашалауға келе ме?" деп сұрақ қойған.

Головкин бұған: "Жоқ, ешқашан. Бұл оның емес, менің жұмысым", – деп жауап берді.

Боксшының айтуынша, оның жекпе-жектерін көруге тек туған бауыры ғана келеді.

Ал болашақта "балалар әке жолын қуа ма?" деген сұраққа GGG олардың бірі боксшы болғанын қаламайтынын жеткізген.

"Олардың өмірлері басқа. Менің үлкен ұлым өте ақылды – бірнеше тілді меңгеріп алған. Жаңа буын ғой, олар біз сияқты емес", – дейді Геннадий Головкин.

Ал ұлы бәрбір әке жолын қуамын десе, онда боксшы баласын бұл ойынан айнытуға тырысатынын айтады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
3
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel