RU
Коляска сүйреген Жазира Байырбекова видеоға түсіп қалды (видео)

Коляска сүйреген Жазира Байырбекова видеоға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Кішкентай баланың коляскасын сүйреген Жазира Байырбекова желіде қызу талқыға түсті. Әншінің видеосы kaz_stars парақшасында жарияланған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің қызды болғаны жайлы ақпарат осыдан біраз уақыт бұрын желіге тарап кеткен болатын. Алайда өнер иесі көпшілікке бұл жаңалыққа қатысты ресми пікір білдірмеді.

Ал Байырбекованың көмекшісі бұл ақпаратты растамайтынын да, жоққа шығара алмайтынын да айтты.

"Бұл ақпаратқа қатысты қазір ешқандай пікір білдіре алмаймыз. Бірақ ақпаратты 100% пайыз жалған деп те айта алмаймыз", - деп жауап берді Аслан есімді азамат.

Ал желі қолданушылары өнер иесінің мұндай қуанышты жаңалықты әлі күнге көпшілікке хабарламағанына таңданыс білдірген.

"Көптен күткен қуаныштары ғой. Көз тимесін деген болар", "Өзі босанбаса, асырап алған шығар", "Өздерінің жеке өмірі ғой. Халықтың несі бар екен?", "Сонша жылдан кейін өмірге келгесін, әрине жасырады".
"Әйтеуір аман болсын", "Бауы берік болсын. Бірақ несіне жасырады екен?", "Халықтың алдында жүргесін, қуанышымен бөліскеннің еш айыбы жоқ", "Қызды болғанын неге жасырады екен?" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Жазира Байырбекова тіпті көпшіліктен қыз балаға арналған әдемі есім сұрап, қызықтырып қойған болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
2
1
1
3
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel