RU
Қалқаман Сарин "Шалқар" радиосындағы басшылық қызметінен кетті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қалқаман Сарин "Шалқар" радиосындағы басшылық қызметінен кетті

Рассказать Вконтакте

Ақын Қалқаман Сарин Instagram желісіндегі парақшасында "Шалқар" радиосындағы басшылық қызметінен өз еркімен кеткенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мен бүгіннен бастап, "Шалқар" радиоарнасындағы қызметімнен өз еркіммен кетіп барамын. Радиоарнадағы әріптестеріме алғысым шексіз", - деді ақын.

Сондай-ақ ол өзі басшылық еткен уақытта радионың қандай жетістікке жеткенін де көпшілікке айта кеткен.

"Білікті ұжым еңбегінің арқасында "Үркер - 2018" ұлттық сыйлығын алдық. Биыл "Шалқар" ұлттық радиоарнасының шығармашылық ұжымы отандық радионың дамуына қосқан үлесі үшін президенттің алғысына ие болды.
Радиоарна хабарларының ​ міндеті мен жанры қайта қаралып, ұлттық радиоарнаның мақсаты қазір толықтай ұлттық бағытқа ауысты. Студияның эфирі де қазақи нышанда ою-өрнекпен безендіріліп, нағыз ұлттық шаңыраққа айналды. ​Таңдаулы хабарлар видеоэфир арқылы әлеуметтік желіден көрсетіледі. ​
Әріптестермен бірге бағындырған белестер, жеткен жетістіктер өте көп. Ұжымның қызметіне әрдайым тілекшімін. Ұлттық радиоарна қарыштап дами берсін, тыңдарманы көп болсын", - деп жазды ақын.

Айта кетейік, Қалқаман Сарин "Шалқар" радиоарнасының директоры болып 2018 жылдың 26 қаңтарында тағайындалған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel