Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжіліс депутаты атанған Нұрлан Әлімжанның жалақысы қанша?

Опубликовано:

Парламент мәжілісіне депутат болып тағайындалған белгілі актер, әнші Нұрлан Әлімжанның қанша жалақы алатыны белгілі болды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Парламент мәжілісі аппараты баспасөз қызметінің мәліметінше, депутаттардың жалақысы заң талаптары аясында жүзеге асырылады.

"Бекітілген заңнамаға сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутаттарының жалақысы - 684 874 теңге және бұл сомаға депутаттың еңбек өтіліне қарай үстеме қосылады", - деді ведомство.

Еске сала кетсек, осыған дейін Нұрлан Әлімжанның мәжіліс депутаты болатынын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813588-mzilis-deputaty-atangan-nrlan-limzanny-zalakysy-kansa/

pixel