Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамдарды көлікпен әдейі қаққан оқиғадан зардап шегушінің туысы мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыда адамдарды қағып кеткен оқиғаның басқа қырынан түсірілген видеосы пайда болды. Осы орайда төбелес салдарынан зардап шеккен Ақтау қаласы тұрғынының туысы Lada.kz-ға басылымына өз нұсқасын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: UGC

Бойжеткеннің аты - Дарина Ибрагимова. Сол күні болған жанжалдан оның ағасы Станислав Алиев зардап шеккен.

Арудың сөзінше, шабуылдағандар екі адамнан көп болған.

Ол күдіктілердің анасы айтқан жігіттер жай ғана қорғанды деген сөзін жоққа шығарды.

Даринаның сөзінше, оның ағасы жігіттерді сабырға шақырмақ болған. Оны соңғы жарияланған видеодан да көруге болады. Алайда қызуқанды жас жігіттер ешкімді тыңдағысы келмеген көрінеді.

"Күдіктілердің анасы айтқандай, шабуылдаған жігіттер "өлгенше" соққыға жығылған жоқ. Видеодан менің ағамның (қара жеңіл жейдеде) жігіттерді сабырға шақырмақ болғанын көруге болады, бірақ олар бәрібір автокөліктеріне отырып, басып кетті. Бұны ешқалай ақтауға келмейді", - деп Даринаның сөзін келтірді басылым.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде адамдарды көлікпен әдейі қаққан көліктің видеосы тараған болатын.

Кейін күдіктілердің туған ағайындылар екені анықталды.

Олардың анасы балаларын ақтап, халыққа үндеу жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813593-adamdardy-klikpen-deji-kakkan-okigadan-zardap-segusini-tuysy-mlimdeme-zasady/

pixel