RU
Ерлі-зайыптылардың кредиті қалай өтеледі?

Ерлі-зайыптылардың кредиті қалай өтеледі?

Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова бір отбасындағы екі-үш адамның кредиті қалай өтелетінін түсіндірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы вице-министр азаматтардың борыш жүктемесін азайту туралы баспасөз мәслихатында айтты.

Ведомствоның құзырлы органдармен бірлесіп, жеңілдікке ілігетін азаматтардың жеке мәліметтерін анықтағаны белгілі болды.

"Бүгінде кредит бюросына 2 миллион 289 мың адамның деректері берілді. Кредит бюросы мәліметтерді екінші деңгейлі банктердің базасымен салыстырады, тізімдегі азаматтардың кредиті бар-жоғын анықтайды", - деді Жақыпова.

Министрдің орынбасары тізімге енген азаматтардың қарыз сомасы және талаптарға сәйкестігі анықталғаннан кейін, проблемалық кредиттер қоры екінші деңгейлі банктермен келісімшарт бекітетінін жеткізді.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта кредиті өтелетін 507 мың адамның мәліметтері нақтыланған.

Жақыпова бұл тізім толықтырылуы мүмкін екенін жасырмады.

"Мысалы, бір адамның басында екі-үш кредит бар, олардың жалпы сомасы 3 миллион теңгеден аспауы тиіс. Күйеуі мен әйелінің әрқайсысында кредит болса, ол қалай өтеледі деген сұрақ жиі қойылып жүр. Егер бұл отбасы тізімге енсе, екеуінің кредиті жеке-жеке өтеледі. Яғни, ерлі-зайыптының 600 мың теңге борышы жабылады", - деп түсіндірді министрдің орынбасары.

Вице-министр халықты хабардар ету бойынша жүргізілген жұмыстарға тоқталды.

"eGov.kz порталында азаматтың мәртебесін анықтау сервисі ашылды. Кез келген адам элекронды-сандық қолтаңбасы арқылы кіріп, порталға тіркеледі, ЖСН енгізіп, жауап ала алады. Кейбір азаматтар жеңілдікке ие санатқа жатса да, өз мәртебесін анықтай алмаған. Сондықтан біз бұл сервисті одан әрі жетілдіруді жоспарлап отырмыз", - деді ол
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
7
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel