Выйти
RU

Еркін Нұржанов ұлын сүндеттеп, елден сүйінші сұрады (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық белгілі әнші Еркін Нұржов ұлы Қайырды сүндеттегенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөліскен.

"Аллаға шүкір! Бүгін атасының баласы, әкесінің патшасы Қайырды сүндеттедік. Еліміз тыныш болсын. Тәуелсіз бейбіт заманда парызымызды, сүннеттерді, салт-дәстүрді, әдет-ғұрпымызды ешкімнен жасқанбай жасап жүруімізді нәсіп еткен Аллаға сансыз шүкір", - деп жазды Еркін Нұржанов.

Желі қолданушылары әншінің бұл қуанышына құтты болсын айтып, тілектерін жолдаған.

"Құтты болсын", "Үлкен азамат болсын", "Елдің адамы болсын", "Соңы тойға ұлассын" деп пікір білдірген желідегілер.

Айта кетейік, Еркін Нұржанов бүгінгі таңда жұбайымен бірге үш бала тәрбиелеп отыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еркін Нұржанов ұлын сүндеттеп, елден сүйінші сұрады (фото)