RU
Димаш Құдайбергеннің әкесі қызына жүрекжарды жазба арнады (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Димаш Құдайбергеннің әкесі қызына жүрекжарды жазба арнады (фото)

Рассказать Вконтакте

Димаш Құдайбергеннің айдай сұлу қарындасы Раушан 18 жасқа толды. Қанат Айтбаевтың бойжеткен қызына арнаған жантебірентерлік жазбасы көпшіліктің жүрегін елжіретті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сен өмірге келген күнгі дәрігерлердің қарбаласы, қобалжып, алабұртқан көңіл есімде. Анаңның қасында қос алақанға сыйып кетердей кіп-кішкентай боп жатқан жеріңнен ең алғаш көтеріп алып, кеудеме басқаным, сол кездегі дүниедегі бар мейірім - шуақ легінің жүрегіме құйылып жатқандай болғанын сезінгенім есімде.
Құшырлана иіскеп тұрып, құлағыңа сыбырлап айтқан сөзім де есімде. Содан бері зуылдап 18 жыл өте шығыпты. Қошақаным! Туған күнің құтты болсын! Бақытыңның мөлшері шектелмесін! Жүзіңнен күлкі кетпесін! Ғұмырың ұзақ болсын, ботам! Қуанышымыз, мақтанышымыз ғана болғайсың! Ел алдында еңсең биік болғай", - деп жазды Қанат Айтпаев Instagram парақшасында.

Ал желі қолданушылары Раушан Құдайбергенді туған күнімен жарыса құттықтап, ақ тілектерін жаудырған.

"Туған күнің құтты болсын", "Ғұмырың ұзақ болсын", "Алла шапағатын төксін", "Болашағы жарқын болсын", - деп жазды желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Димаш Құдайбергеннің қарындасы жайлы мәліметтерді ұсынған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
2
46
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel