Сағынтаев ауыл жастары туралы: Базарларды жағалап, әңгіме айтып жүреді
Опубликовано:
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың сөзінше, жоғары білім алмаған жастар жаман ықпал ететін адамдардың құрығына тез ілігеді деп хабарлайды Тengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Мұндай оқиға болмас үшін әкімдік "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге әртүрлі оқыту бағдарламаларын шығаруда.
Осы жобалар бойынша, студенттер бірінші мамандықты тегін алады. Одан бөлек, шәкіртақы алып, оқудан соң іс-тәжірибеден өте алады.
Егер оларды жұмысқа алса, жалақысының 50%-ын әкімдік төйлейтін болады.
Сағынтаев ауылдан келген жастар мұндай бағдарламалардың барын білмеуі де мүмкін екенін айтты.
"Олар базарларды жағалап, әңгіме айтып жүреді", - деді әкім.
Осы себепті, қабылдау комиссиясын базарларға жіберген. Ол нәтиже берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813610-sagyntaev-auyl-zastary-turaly-bazarlardy-zagalap-gime-ajtyp-zredi/