RU
Алматы әкімі қала тұрғындарын жеке қабылдаудан неге бас тартты?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Алматы әкімі қала тұрғындарын жеке қабылдаудан неге бас тартты?

Рассказать Вконтакте

Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі қызметіне тағайындалған күнінен бастап қала тұрғындары не себепті оның жеке қабылдауына кіре алмай жүргенін түсіндірді деп хабарлайды"ҚазАқпаратқа" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

"Жеке қабылдауға қатысты айтарым. Маған жеке қабылдауға барлық аудандар кіре алмай жатқанын айтты. Хабарласамыз, жазбайды деді.

"Алдағы екі ай бойы ешкіммен кездеспеймін" деп айтқан өзім. Онда менің қызметкерлерімнің кінәсі жоқ. Мен алдымен барлық бөлімшелерді аралап шығып, адамдармен кездесемін дедім. Жүріп, көріп шығамын.

Бәрін тыңдап болған соң, қыркүйектен бастап жеке қабылдауымды бастаймын. Айына екі мәрте қабылдайтын боламын. Бір рет әкімдікте, екініші рет Nur Otan ғимаратында" , - деді Бақытжан Сағынтаев.

Мақалада көптеген алматылықтар шаһар басшысының жеке қабылдау жүргізуін сұраған. Олардың барлығы қыркүйек айында шықырылатын болады.

Айта кетейік, мегаполистің жаңа әкімінің қызметіне кіріскеніне екі ай уақыт өтті. 28 мамыр күні Сағынтаев бұл лауазымды орында Бауыржан Байбекті алмастырған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel