RU
Зеленскийдің партиясы Украина заңдарына 465 түрлі өзгерту дайындады

Зеленскийдің партиясы Украина заңдарына 465 түрлі өзгерту дайындады

Рассказать Вконтакте

Украина президенті Владимир Зеленскийдің "Слуга народа" партиясы 465 заң жобасы мен түрлі заңдарға өзгеріс дайындады деп мәлімдеді Жоғарғы рада депутаты Руслан Стефанчук. Бұл туралы РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: РИА Новости/Стрингер

Фото: РИА Новости/Стрингер

Бұдан бұрын Руслан Стефанчук "Слуга народа" партиясының ел конституциясына 450-ден астам өзгеріс дайындап жатқанын мәлімдеген.

Украинаның қолданыстағы конституциясы 14 бөлімнен, өтпелі ережелер мен 161 баптан тұрады.

"Шамасы менің мәлімдемем дұрыс түсіндірілмеген. Мүмкін менің шаршағаным әсер етті ме. Мен 465 деген кезімде, біздің 465 заңнамалық акт пен заңдарға өзгеріс дайындағанымызды айтқан болатынмын. Олардың ішінде конституцияға өзгеріс енгізу де қарастырылған. Бұл конституцияға 465 өзгеріс енгізу деген сөз емес. Бұл бөлек мәселелер", – деп мәлімдеді депутат.

Оның айтуынша, партия жақын арада ел конституциясына онға жуық өзгерту енгізуді жоспарлап отыр.

Соның ішінде Жоғарғы рада құрамын 450-ден 300 адамға дейін қысқарту, сондай-ақ депутат мәртебесінен айыру үшін заңды негіздер жасау қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
1
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel