Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ерте тимеңдер": Ләйлә Сұлтанқызы тұрмыс құрмаған аруларға кеңес берді

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы тұрмысқа шықпаған бойжеткендерге ерте отбасылы болуға асықпауға кеңес берді. Ол аруларға бұл жауапкершілігі мол қадамға саналы түрде келген жөн екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сұлтанқызы тұрмыс құмаған аруларға өз ақылын Instagram парақшасында жеткізген.

Ол сылқымдарға үндеу тастап, күйеуге ойланып барып шығу керектігін ескертті.

"Ерте тиіп, іштей тынып, ажырасу санын көбейткенше, саналы түрде шығып, жамандықтан тыйылған жақсы. Оның үстіне, биылғы статистикамен әр екінші отбасы ажырасып жатыр. Әр екінші отбасы.
Тұрмысқа жаспен емес, баспен ажыраспаймын деген аффирмациямен шығыңыздаршы. Оның нақты уақыты жоқ. 25 жаста, 30 жаста да сіз жассыз, 35 жаста да" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1813622-erte-timeder-ljl-sltankyzy-trmys-krmagan-arularga-kees-berdi/

pixel