Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оразалин жасалған жұмыстарға көңілі толмай, Ақтөбе басшылығын сынға алды

Опубликовано:

28 тамызда Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин осы жылдың 7 айдағы экономикалық көрсеткіштері қорытындыланған жиынға қатысты деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мавр Абдуллин мен Оңдасын Оразалин. Фото: Aktobe.gov.kz
Мавр Абдуллин мен Оңдасын Оразалин. Фото: Aktobe.gov.kz: UGC

Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин жиын барысында қаланың даму жоспары мен перспективалары туралы есеп берді.

Сондай-ақ, ол инвестиция көлемі, ауылшаруашылық, құрылыс, тұрғын үй салу, кәсіпкерлік салаларындағы атқарылған жұмыстармен бөлісті.

Ауыл шаруашылығында жалпы өнімінің көлемі 10,3 млрд. теңгені құраған. Әкім құрылыс жұмыстарының көлемі 29,2 млрд. теңге құрағанын, шағын және орта кәсіпкерлік саласында тіркелген субъектілер саны - 48,1 мың бірлік немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3 %-ға жоғары екенін жеткізді.

Қала әкімі барлық сала бойынша алдағы үш жылға талдау жасады. Айтуынша, қала экономикасын дамытуға 700,0 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Мавр Абдуллин облыс әкіміне жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыру үшін қыруар қаражат қажет екенін алға тартты.

Абаттандыру жұмыстарын іске асыру үшін алдағы үш жылда 40,5 млрд. теңге қаражат, қалаға онға жуық қоқыс полигоны салыну керек. Бір полигонның құрылысына 200,0 млн. теңге қажет. 2022 жылға дейін үш ауысымдық мектептерді жою үшін 15,6 млрд. теңгеге 6100 оқу орнын құрайтын 9 мектеп және 8 жапсаржай салу керек.

Облыс әкімі жиынды қорытындылай келе бірқатар мәселелерге қатысты, олардың орындалу барысына көңілі толмайтынын атап өтті.

«Жол мәселесі, тазалық, көгалдандыру жұмыстары нашар. Қыруар қаражатқа ағаштар отырғызылғанымен оны суару мәселесі әлі күнге дейін бір жүйеге келтірілмеген.
Әлеуметтік желілерден үнемі байқағаным, ақтөбеліктерді жол сапасы, қоғамдық көлік, тазалық мәселелері қатты алаңдатады. Тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыру бойынша нақты жұмыстар атқарыңыз», – деді аймақ басшысы.

Жиын соңында тұрғындар сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Жарықтандыру, өзен арналарын кеңейту, қоғамдық көлік, аялдама, жол сапасының нашарлығына қатысты мәселелер көтерілді.

Қала әкімі сауалдарға жауап беріп, бұл проблемалар кезең-кезеңімен шешілетіндігін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813623-orazalin-zasalgan-zmystarga-kili-tolmaj-aktbe-bassylygyn-synga-aldy/

pixel