Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралдық дәрігерлер соқыр болып қалған жігітке 10 млн теңге төлейді

Опубликовано:

Жоғарғы Соттың шешімі бойынша Орал қаласының зағип тұрғынына №1 клиника мен облыстық клиникалық аурухана өтемақы ретінде 10 миллион теңге төлеуі керек. Бұл елде бұрын-соңды болмаған оқиға деп хабарлайды Хабар 24-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Хабар 24 телеарнасынан кадр
Хабар 24 телеарнасынан кадр: UGC

Александр Черченко туған кезден бастап емхананың бақылауына алынған.

Оған 8 жасында қант диабеті диагнозы қойылып, бала тіркеуде тұрған.

Алайда сот актісі бойынша оған тиісті медициналық көмек көрсетілмегендіктен, бірқатар басқа аурулар мен соқырлыққа алып келген.

Қалаға жігіттің анасының шағымы бойынша Денсаулық сақтау министрлігінен комиссия келіп, жас жігіттің қажетті емді алмағанын растады.

Александрдың айтуы бойынша, офтальмолог оны жылына 2 рет тексеруден өткізуі керек болған, бірақ 9 жыл ішінде маман оны тек 4 рет қана қабылдапты.

Ол барлық процедуралар уақтылы жүргізілгенде қазіргі уақытта көзі көретінінін сарапшылар растағанын жеткізді.

Алайда, айыпталушылар сот шешімімен келіспейтінін және науқастың өзі ауруханаға 2016 жылдан бері келуді тоқтатқанын алға тартты.

Алайда сот емханаға 7 миллион теңге өтемақы төлеуді міндеттеді, тағы 3 миллион теңгені облыстық клиникалық аурухана өтеуі керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813624-oraldyk-drigerler-sokyr-bolyp-kalgan-zigitke-10-mln-tege-tlejdi/

pixel