RU
Баталовтың экс-орынбасары Жүргенов академиясының ректоры қызметіне ауысты

Баталовтың экс-орынбасары Жүргенов академиясының ректоры қызметіне ауысты

Рассказать Вконтакте

Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясына жаңа ректор тағайындалды. Ақан Әбдуәлиевтің қызметі ауысқаны жайлы мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды Қазақпарат.

Ақан Әбдуәлиев. Фото:madeniportal.kz

Ақан Әбдуәлиев. Фото:madeniportal.kz

"Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Ақан Әбдуәлиев Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ақан Жылқышыбайұлы Әбдуәлиев 1975 жылы туған.

Ол Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясын және Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.

Еңбек жолын Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының жеке орындаушысы болып бастаған.

Әр жылдары "Қазақконцерт" РМҚК-да аспапта жеке орындаушы, Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжі мен Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, А.Жұбанов атындағы республикалық мектеп интернаты директорының орынбасары, директоры, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры лауазымдарын атқарған.

2016 жылдың маусым айынан бастап Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, ал 2018 жылы Алматы облысы әкімінің орынбасары болған.

Естеріңізге сала кетейік, Ақан Жылқышыбайұлы өткен жылдың тамызында Алматы облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары болып тағайындалған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel